Өндіріс
2 мин оқу 251

Полипропилен – сұранысқа ие өнім

<p style="text-align: justify;">Былтыр қарашада Аты&shy;&shy;раудағы газ-хи&shy;мия кешені іске қо&shy;сылған еді. Ке&shy;шен&shy;ге аме&shy;&shy;рикалық &laquo;Lummus Technology Inc&raquo; ком&shy;па&shy;ния&shy;&shy;сының &laquo;Catofin&raquo; және &laquo;Novolen&raquo; техно&shy;ло&shy;гия&shy;ла&shy;ры орнатылған. Осы&shy;ған ұқсас кешендер көп емес. Әлемнің Сауд Арабиясы, АҚШ, Бель&shy;гия, Оңтүстік Ко&shy;рея және Қытай секіл&shy;ді бес елінде ғана бар.</p>

Полипропилен  – сұранысқа ие өнім

КРІ ЖШС басқарма төрағасы-бас директоры Данияр Тиесовтің айтуынша, кешенде «Теңіз» кен орнынан жеткізілген ши­кі­заттан жылына 500 мың тонна полипропилен шығару жоспарланған. Бұл – әлемдегі полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайтын әрі Қа­зақ­стандағы мұнай-газ өнер­кәсібін өркендетуге сеп­ті­гі тиетін осындай өнімді шы­ға­ра­тын алғашқы кешен.

Дегенмен биыл маусымда кешен жөндеуге тоқтатылды. Бас директор Данияр Тие­сов мұның себебін пай­да­ла­нудың бірінші жылында кез­десетін қалыпты тәжірибе ретінде түсіндірді. Өйткені газ-химия кешенінің жұмы­сын тоқтату осындай ірі кә­сіп­орындарда кездесіп тұ­ра­ды. Кешенге «Siemens» ком­паниясы орнатқан жылу алмас­тырғыштан ақау бай­қа­­лып, турбинаға су аққан.

Кейін кешенде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп, қайтадан іске қо­сыл­ды. Кешенде былтырдан бері полипропиленнің ПП Н 030, ПП Н 120 маркаларын шығару ісіне 631 адам тартылған. Дайын өнім өз тұтынушыларымыздан бөлек, Түркия, Қытай, Еуропа елдері мен Ресей Федерациясына экспортталады.

КРІ ЖШС өндіріс жө­нін­дегі директоры Болат Әбдуә­лиевтің айтуынша, ке­шенде полипропиленнің жаңа маркасын өндіру бас­талды. Жаңа өнімнің маркасы – PP H031 BF/7 деп аталатын биаксиалды пленка. Жаңа өнімнен тамақ және күнделікті тұрмыста қолданылатын тауарларға арналған полимерлі пленка қаптамаларын, этикетка мен скотч таспасын өндіруге болады. BOPP пленкасы жоғары тосқауылдық қа­сиеті бар, төзімді әрі адам денсаулығына зиян­сыз. Полипропиленнің PP H031 BF/7 маркасынан фотосуреттердің сыртын қаптайтын, кеңсе тауарлары мен гүлдерді орауға арналған пленкалар жасалады.

«Біз өндіріп жатқан PP H031 маркасына елімізден де, шет мемлекеттерден де сұраныс жоғары болып тұр. Өйткені бұл – тығыз әрі сапалы өнім. Жаңа өнім жергілікті компаниялардың сұранысын толық өтеп, им­портқа тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді. Бір аптада жаңа марканың 1000 тоннасы өндірілді», дейді Болат Әбдуәлиев.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Полипропилен – сұранысқа ие өнім · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар