Білім
1 мин оқу 470

Бала кітапқа қалай қызығады?

<p style="text-align: justify;">Оқу жылының екінші тоқсанынан бастап Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен елордадағы барлық білім ошағында &laquo;8 минуттық көркем әдебиет оқу&raquo; жобасы басталды.</p>

Бала кітапқа қалай қызығады?

Оқушылардың кітап оқуға деген­ қызы­ғушылығын арттыру, таным көк­жиегін кеңейту мақсатында ұйым­дастырылып отырған жоба аясын­да балалар күнде 8 минут кітап оқи­ды. Яғни әр үзіліс сайын сабақ бас­талмас бұрын 8 минут уақытын кітап оқуға бөледі.

«Бұл жобаны бастаудағы мақ­са­ты­мыз әрбір оқушы көркем әдебиет оқыса екен дейміз. Себебі кітап оқыған оқушының білімі, ой-өрісі кеңейеді. Кітап оқудың пайдасы орасан зор. Сөздік қордың көбеюіне, мидың күнделікті жаттығуына және есте сақтау қабілетінің жетіліп, бала­ның шығармашылық ойлау жүйе­сін жақсартады. Бұған қоса, білім сапасын көтеруге тигізер әсері мол. Сол себепті осы жобаны қолға алып, мектептерге енгізіп отырмыз», дейді Астана қаласы Білім басқар­масының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Сондай-ақ мектептерде «Бук­кро­синг» бұрыштары ашылады. Онда оқушылар бір-бірімен кітап алмасады. Мектептер­дің фойелеріндегі коворкинг зона­­лар да балаларға арналған.

«Бүгін біздің мектепте «8 минут­тық оқу» кітап оқу жобасы басталды. Біз бірінші сабақтың алдында көркем әдебиет оқыдық. Мен Сапар­ға­ли Бегалиннің «Бала Шоқан» шығар­ма­сын оқуды бас­тадым. Бүгін 8 ми­нутта 5 бет оқыдым. Демек бір айда осы қарқынмен толық бір кітап­т­ы аяқтайтын сияқтымын. Осы кітапты аяқтаған соң, басқа шы­ғар­маларды да оқимын. Кітап оқу жобасының басталуына қатты қуан­дым. Өйткені талап етпесе, балалар кітап оқымайды. Бәріңізді кітап оқуға шақырамын», дейді №90 мектептің 5-сынып оқушысы Әмина Сәрсенбай.

Бөлісу: