Саясат
2 мин оқу 90

Әріптестікті дамыту – басты назарда

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші, Қазақ&shy;стан Респуб&shy;ликасы&shy;ның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның Парижде өтіп жатқан 42-Бас конфе&shy;рен&shy;циясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі.</p>

Әріптестікті дамыту –  басты назарда

Қазақстанның ЮНЕСКО-мен жан-жақты әріптестікті да­мы­­ту­ға баса мән беретінін атап өт­­кен Ерлан Қарин мұндай ық­пал­­­дас­тық елімізде саяси, эко­но­­ми­­ка­лық және әлеуметтік-гу­ма­­ни­тарлық реформалар жүр­гізу­­­ге ықпал ететінін айтты. Де­­­­ле­­­­­­­­гат­­­тарға Қазақстан Респуб­­­л­и­­­­­ка­­­­­­сы­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркіс­тан­да өт­кен Ұлттық құрыл­тай­дың екін­­ші оты­рысында және биыл­ғы 1 қыр­­­­кү­йек­тегі Қазақ­стан халқы­на Жол­дауында айты­лған бірқатар бастама туралы ақпарат берілді.

– Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың мақсаты – білім, ғылым және мәдениетті өркендету арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, – деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші елімізде мәдени және табиғи мұралар­ды қорғауға қатысты нақты жобалар­ды іске асыру, білім беру сала­­­­­­с­ын, жаратылыстану және гу­­­ма­­ни­­­­­т­ар­лық ғылымдарды, ком­­му­­ни­­­ка­ция және бұқаралық ақпа­рат құ­рал­дарын дамыту үшін ЮНЕСКО-ның дәйекті түрде қолдау көрсетуі маңызды екеніне тоқталды.

Ерлан Қарин бейбітшілікті нығай­ту­ға, орнықты дамуға және мәде­ниет­аралық диалог­ті өркен­детуге ықпал ететін Ұйым­­ның мінберінен сөз сөй­леп, Қазақстан Президентінің Бірі­к­­кен Ұлттар Ұйымы Бас ассамб­­леясының сессиясында киелі кітаптарды, соның ішін­де Құран­ды вандализмнен құ­қ­ық­тық тұрғыдан қорғау қажет екені жөнінде мә­лім­деме жаса­ғанын еске салды.

Сондай-ақ «Тұранның қысқы суық шөлдері» көпұлттық аталымының құрамдас бөліктері ретінде «Алтын Емел» ұлттық паркі мен Барсакел­мес қорығы аумақ­тарын Дүние­жүзі­лік мұра тізімі­не қосуға қол­дау білдіргені үшін ұйым­ға мүше мемлекеттерге алғыс айтты.

Климаттың өзгеру себептеріне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бірік­кен Ұлттар Ұйымы аясында 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізу туралы бастамасына назар аударылды.

Ерлан Қарин сөзін қорытын­ды­лай келе, Қазақстанның ЮНЕСКО-мен арадағы тиімді екіжақ­ты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға дайын екенін жеткізді. 

Бөлісу:
Әріптестікті дамыту – басты назарда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар