Спорт
1 мин оқу 206

Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

<p style="text-align: justify;">12-15 қараша аралығында Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.</p>

Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланып отыр.

Қатысушылар арасында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген татами шеберлері бар.

Атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Данияр Шамшаев, Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай, Бауыржан Нарбаев, Есет Қуанов, Ғалия Тынбаева, Кәмилә Берліқаш сынды Азия чемпионатының, әлемдік Гран-при және Grand Slam жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері қатысады.

Бөлісу:
Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар