Бокс
1 мин оқу 1,720

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын атады

<p style="text-align: justify;">WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы дивизион белбеулерін біріктіру үдерісін жалғастырмақ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Prosports.kz порталына сілтеме жасап.</p>

«Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Винченцо Гуальтиериді нокаутқа түсіріп, WBO және IBF титулдарын сәтті қорғады. Енді Әлімханұлы Top Rank Boxing промоутерлерінен Эрисланди Лара (WBA) немесе Карлос Адамеспен (WBC) жекпе-жек өткізуге тапсырыс беруді сұрады», деп жазды Boxing Studs Noticias.

Айта кетейік, орта салмақтағы негізгі WBC титулы америкалық Джермалл Чарлоға тиесілі.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын атады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар