Тағзым
2 мин оқу 243

Қаламгер атындағы дәрісхана

<p style="text-align: justify;">Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте жазушы-журналист Байтұрсын Ілияс атындағы дәрісхана ашылды. Қарымды қаламгер көп жылдар бойы &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеген.</p>

Қаламгер атындағы дәрісхана

Дәрісхананың салтанатты ашылу рәсіміне журналистика факультетінің оқытушылары, қаламгердің туыстары, замандас достары мен әріптестері, шәкірттері қатысты.

Байтұрсын аға өмірінің соңғы жыл­­дарын ұстаздықпен ұштасты­рып, аталған білім ордасында көп­те­ген дарынды шәкіртті тәрбиелеп шы­ғарды. Университеттің сол кездегі рек­торы Зұлқарнай Алдамжаровтың қолдауымен 1996 жылы тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынұлының туған жері Ақкөлге «Ақ жол» ғылыми-танымдық экспедициясын ұйымдастырып, көне­көз қариялардан ұлт ұстазына қатыс­ты бірсыпыра ауызекі деректерді жазып алып, тарихқа таспалап қалды­рып кетті. Ол жазып қалдырған құнды деректің бірі – Ақаңның ең соңғы рет атамекеніне келіп, әкесі мен ағасына там тұрғызып кетуі.

Кезінде біраз жыл бойы журналис­тика факультеті шәкірттерінің қалам ұштар құралына, студент жастардың сүйікті басылымына айналған «Жас өркен – Қостанай» журналының ал­­ғаш­қы шығарушысы да Байтұрсын Ілияс ағамыз еді. Журналдың ең ал­ғашқы саны қолына тиген сәттегі ба­қытты ре­­дактордың қуанышты сәтінің куәсі, құдайы көршісі әрі талай жыл сырлас досы болған ақын Николай Кочин:

«Ол күнделікті өмірде өте қара­па­йым болатын. Тіпті бір қараған кісіге қолынан ештеңе келмейтін, тым жуас, момын адам болып көрінетін. Шын­туайтында, ол өз мақсатына жету үшін кез келген кедергіні бұзып-жарып өте­тін мұзжарғыштың нағыз өзі еді. Бұған әбден көзі жеткен адаммын. Бір­де біз тұрған үйдің ауласында кез­дейсоқ кездесіп қалдық. Қолына бір журнал ұстап алған. Жанарында ерекше от ойнап, жүзі бал-бұл жанып тұр. «Бүгіннен бастап мен мына журналдың редакторымын!», деді балаша шаттанып. Оның бұлайша қуанғанын бұрын-соңды көрмеген едім», деп тебірене еске алады.

оро

Қаламгердің «Тың түлектері», «То­ғыз перне», «Алтын бесік» атты кітап­тары жарық көрген. Бірнеше топ­тамалық жинақтарға өлеңдері мен очерктері енген.

Салтанатты іс-шара барысында жур­налистика факультетінің озат сту­­денті Диана Ысқақоваға жазушы-жур­налистің шәкірттері тағайындаған жылына бір рет беріліп тұратын Бай­тұрсын Ілияс атындағы шәкіртақы табыс­талды. Ал қаламгердің туыстары дәрісханаға интерактивті тақта тарту етті.

Қостанай облысы 

Бөлісу: