Көрме
1 мин оқу 300

Берелден жеткен қазына

<p style="text-align: justify;">Өскемендегі өнер музейінде &laquo;Берел қазыналары&raquo; атты көшпелі көрме өтті. Көрмеге қойылған жәдігерлер арасында сақ заманындағы алтын бұйымдар мен реставрацияланған ат әбзелдерінің сүйек әшекейлері бар.</p>

Берелден жеткен қазына

Көшпелі көрме «Берел» қо­рық-музейінің 15 жылды­ғы қарса­ңында ұйымдастырылып отыр. Берел жазығындағы жүзден аса қор­ғандарды зерттеген археологтер мен антрополог ғалымдар экс­понаттардың біздің дәуірімізге де­йінгі V-IV ғасырларға тиесілі еке­нін анықтаған.

– Көрмені Өскеменге әкелуі­міздің мақсаты қала тұрғын­дарын Берелден табылған жәдігер­лермен таныстырғымыз келді. Көш­пелі көрмеміз жуықта «Ботай» мем­лекеттік тарихи-мәдени музей-қо­рығында болып қайтты. Ол жақ­тағы ел де қызыға тамашалады. Өйткені Берел – еліміздегі орга­никалық заттар сақталған жал­ғыз ескерткіш, – дейді «Берел» мем­ле­кеттік тарихи-мәдени қорық-музе­йі­нің дирек­торы Алмас Сарбасов.

ааа

Көрмеде реставрациядан өткен ат әбзелдерінің сүйек әшекейлері, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-І ға­сыр­ларға жататын №36 сақ қорғаны­нан алынған бұлан грифондары, сонымен қатар ІІ-І ғасырларға жата­тын ер адам мен әйелдің сыртқы кел­бетінің антропологиялық реконструк­циясы қойылған. Сондай-ақ зооморфты сапты қола айна, әшекей бұйым­дар көрме төріне орналасқан. Қала тұрғындары көшпелі көрмені 1 жел­тоқсанға дейін тамашалай алады.

Өскемен 

Бөлісу: