Ауа райы
1 мин оқу 620

Демалыс күндері ауа райы 18 градус жылы болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 11-13 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес елімізде +18&deg;С-қа дейін ауа температурасы жоғарылайды, сондай-ақ көш мөлшерде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар синоптиктер атап өткендей, қараша айында айтарлықтай жылы ауа райы күтіледі.

«Батыстан шығысқа ауысатын циклон өз жолында қатты жауын-шашынды тудырады. 11 қарашада солтүстікте, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. 12 қарашадан бастап Батысқа антициклондық сілем тарай бастайды, осыған байланысты жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы +8+18°C-қа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, түнде және таңертең республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы 18 градус жылы болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар