Тағайындау
1 мин оқу 4,780

Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне Нұркен Әшіров тағайындалды. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған қызметке тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Нұркен Әшіров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері.

2004-2010 жылдары Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Бас концертмейстері және солисі қызметін атқарған.

2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы болып қызмет етті.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды.

Аида Балаева Қазақ ұлттық консерваториясының жаңа басшысын құттықтап, қызметін абыроймен атқарарына зор сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар