Спорт
1 мин оқу 150

Шайдоров қола алды

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде еліміздің мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров табысты өнер көрсетті.</p>

Шайдоров қола алды

Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, еліміздің үш дүркін чемпионы деген атақтары бар 19 жастағы отан­дасымыз қысқа бағдарламада 89,94 ұпай жиып, үшінші орынды иеленді. Осы нә­тиженің арқасында ол келесі күні де жа­рыс жолына шықты. Шайдорин еркін бағ­дарламаны 174,52 ұпаймен қоры­тындылады. Нәтижесінде, 264,46 ұпай жи­ған алматылық спортшы қола медальды мой­нында жарқыратты.

Гран-при турнирі сенсациялық нәти­жемен аяқталды. Жарыстың басты фавориті – Олимпия ойындарында үш рет жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем чемпионатында алтын мен күмісті қос-қостап алған Жа­понияның жұлдызы Шома Уно екінші орынды қанағат тұтты. Ал бас жүлде биылғы Еуропа чемпионы, франциялық Адам Сяо Хим Фаға бұйырды.

Бөлісу:
Шайдоров қола алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар