Әлем
1 мин оқу 230

Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты

<p style="text-align: justify;">7 қазаннан бері Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 11 078-ге жетті. Бұл туралы Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://tass.ru/mezhdunarodnaya-panorama/19263377">ТАСС</a>-қа сілтеме жасап.</p>

«11 қарашада елдің солтүстігіндегі ауруханаларда қызметтер мен байланыс тоқтағаннан кейін, Газаның денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар санын жаңартқан жоқ. 10 қарашада Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 11 078 болды, оның ішінде 4 506 бала және 3 027 әйел бар», делінген департаменттің сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 2700 адам, оның ішінде 1500 бала із-түзсіз жоғалған. 27 490 Палестина азаматы жарақат алды.

Бөлісу:
Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар