Оқиға
1 мин оқу 852

Болат Назарбаев өмірден озды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында <a href="https://twitter.com/aidos_ukibay/status/1723926244675207193?s=48&amp;t=u88Z2bnwqf8XkPA-tq8ALg">жазды</a>, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды», деп жазды ол. 
 
Еске салайық, Болат Назарбаев 4 қарашада екінші рет инфарктпен Алматының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған еді. 
Бөлісу: