Президент
1 мин оқу 270

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты», деді Берік Уәли.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтыны айтылды. 

Еске салайық, бүгін, 13 қарашада Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан қайтыс болды.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар