Қоғам
1 мин оқу 310

Еліміздегі пойыз локомотивтері қысқа дайын ба?

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚТЖ-Жүк тасымалы&raquo; ЖШС-нің барлық филиалында локомотивтерді қысқа дайындау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Самұрық - Қазына&raquo; Қорының ресми Telegram - арнасына сілтеме жасап.</p>

Тексеру барысында қысқы кезеңдегі жұмысқа 1,4 мыңнан астам локомотив дайын екені анықталды. 

«Локомотивтердің тартқыш жылжымалы құрам тораптары мен жүйелері қысқы жұмыс режиміне ауыстырылды. Сондай-ақ қауіпсіздік құралдары, дизель-генератор қондырғылары, тартқыш электр қозғалтқыштары, қосалқы жабдықтар мен автотежегіштер тексерілді. Локомотивтердің техникалық, эстетикалық, өртке қарсы, санитарлық жағдайлары да бақыланды. Тексеру жұмыстары осы жылдың 10 қыркүйек - 10 қараша аралығында жүргізілді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Еліміздегі пойыз локомотивтері қысқа дайын ба? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар