Аймақтар
1 мин оқу 280

Атырауда көпірден әйел адам секіріп кетті

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 15:00-де Атырау қаласындағы Орталық көпірден әйел адам секіріп кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://atpress.kz/kk/news/atyrauda/atyrauda-ortalyk-k-pirden-jel-adam-sekirip-ketti-video">AtyrauPress</a> сайтына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Оқиға туралы хабарлама түскен бойда шақырту орнына Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті.  Бұл туралы облыстық ЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.

«Сағат 15:07-де бас құтқарушы Айдаров Берікқали, құтқарушылар Ануарбеков Ернар мен Бағыт Айдынның жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан азаматша аман-есен құтқарылды. Құтқарушылар 1999 жылы туған әйел адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта әйел адамның жағдайы бір қалыпты, дәрігерлердің бақылауында», делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушысы, 1 қайық жұмылдырылды.

Бөлісу:
Атырауда көпірден әйел адам секіріп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар