Тарих
1 мин оқу 361

Алыпты алғаш танытқан

<p style="text-align: justify;">Жуырда Жамбылдың әдеби-мемориалды музейіне ұлы ақын туралы ең алғашқы жазбаша де&shy;ректі (&laquo;Терме&raquo; журналы, 1925 ж) хатқа түсіріп, оны баспасөз бетінде жариялаған белгілі ғалым Шамғали Сары&shy;баевтың немересі Майра Са&shy;рыбай келіп, 1958 жылы &laquo;Қа&shy;зақ әдебиеті&raquo; газетінің №6 (163) санында жарық көр&shy;ген &laquo;Жамбыл жайында тұңғыш дерек&raquo; атты мақаланың ксеро&shy;кө&shy;шірмесі мен 1936 жылы Мәс&shy;кеу қаласында түсірілген та&shy;рихи фо&shy;тосуреттің (ақынның жанында Шара Жиен&shy;&shy;құ&shy;лова мен Күләш Бай&shy;се&shy;йі&shy;това) түпнұсқасын табыс&shy;тап, музей қорын біршама байы&shy;та түскендігі туралы аталған му&shy;зейдің ғылыми қызметкері Рәт&shy;бек Терлікбаев хабардар етті.</p>

Алыпты алғаш танытқан

«Шамғали ұстаздың немересі Майра апай музейге сыйға тартқан мына тарихи суретте ұлы Жамбыл бабамыз қазақтың аса көрнекті өнер шеберлері – би патшайымы Шара Жиенқұлова мен бұлбұл үнді әншіміз Күләш Байсейітованың ортасында тұр. Рас, үшеуінің бұдан басқа ракурс­та түсірілген суреті бұрын да бас­па бетін көрген. Ал үш ардақтының мына тұрғыдағы бейнесі баспасөзге тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Майра апай музейге ұсынған «Жам­был жайында тұңғыш дерек» атты мақаланың авторы Шамғали Ха­ресұлы өз өмірінде барлық жағынан үлгілі ұстаз, ағарту ісінің шебер ұйым­дас­тырушысы болған. Ол жоғары оқу орын­дарында дәріс беріп, өзінің бо­йындағы әдіскерлік мүмкіндіктерін, мол тәжірибесін сарқа пайдаланған. Студенттердің педагогикалық тәжіри­бесін де өзі басқарып, шәкірттерін таң­даған мамандығының қыры мен сырын жете меңгеруге, оларға ұстаздық ұлағатын сіңіре білуге бар күшін салды. Ғалым-ағартушы қазақ тіл білімі мен оны оқыту әдістемесіне мол үлес қосты. Ол 200-ге тарта ғылыми-әдістемелік еңбектер, мақалалар жазды. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінен көлемді еңбек жазып, 1944 жылы кандидаттық диссертация қорғап, доцент атанған», дейді музей қызметкері Рәтбек Терлікбаев.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Алыпты алғаш танытқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар