Әлем
1 мин оқу 292

Америкалық бойжеткен өзінің есімін Айбала деп өзгерткен

<p>Америкалық арудың шын есімі - Кэмерон Фарр. Алайда, ол қазақ тіліне деген ерекше құрметін білдіру үшін есімін Айбала Құдайбергенқызы деп өзгерткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

17 жастағы америкалық қыз қазіргі таңда АҚШ-тың Атланта қаласында тұрады. Бүгінде ол қазақ тілі мен мәдениетімізді үйреніп жүр.

Қызды айналасындағылар полиглот деп атайды. өйткені небары 17 жасында-ақ ол неміс, испан, жапон, вьетнам, корей, қытай, индонезия, португал, француз, тай, тагал тілдерін жетік меңгеріп үлгерген.

Бүгінде қазақ тілін үйренуге құмартып жүр. Тілімізге, мәдениетімізге тәнті болған бойжеткен өзінің есімін Айбала Құдайбергенқызы деп қоюды жөн көрді.

Бөлісу: