Денсаулық
1 мин оқу 270

Алматыда жедел жәрдем шақырған ер адам дәрігерлерді соққыға жыққан

<p>Алматы қаласында жедел жәрдем дәрігерлеріне әлдебір ер адам шабуыл жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.</p>

Оларға алғашында Алматы тұрғыны көмек сұрап жүгінген.

"Кезекті қоңыраудан қайтып келе жатқан кезде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне жақындап, әйелге көмек көрсетуді өтінген. Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып, олардың денсаулығына зиян келтірген", - деп жазды Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазіргі уақытта Алатау ауданы полиция басқармасы заңсыз әрекетке барған азаматқа қатысты процессуалдық шешім қабылдау сатысында.

"Бүгінде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем алып жатыр", - деп қосты жауапты ведомстводан.

Бөлісу:
Алматыда жедел жәрдем шақырған ер адам дәрігерлерді соққыға жыққан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар