Байқау
1 мин оқу 280

Туған жердің жауһары

<p style="text-align: justify;">Қостанайда жас суретшілер мен қолөнер шеберлері арасында өткен &laquo;Жас толқын&raquo; республикалық байқауы мәреге жетті. Байқауға қатысқан авторлардың таңдаулы туындылары облыстық галерея залында ашылған &laquo;Туған жердің жауһары&raquo; көрмесіне қойылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де осында өтті.</p>

Туған жердің жауһары

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуын­ша, Тобыл төрінде осымен бе­сінші рет өтіп отырған байқауға биыл 74 адам қатысыпты. Жыл өткен сайын байқаудың географиялық ауқымы да кеңейе түскен. Мәселен, биылғы қа­ты­сушылардың ішін­де Қос­танай, Астана, Алматы, Ақтөбе, Көк­шетау, Петро­­павл, Павлодар, Орал, Атырау қа­ла­­ла­­рынан келген қылқалам шеберлері бар.

онро

«Байқау жұмыстары төрт аталым бойынша ба­ғаланды. Олар – кес­кіндеме, графика, мүсін, сән­дік-қолданбалы өнер. Әр аталым бойынша жүлделі орындар анықталып, ақшалай сыйлықтар берілді. Қазылар алқасының құрамында суретші-мүсінші Баян Баталова, кес­кіндемеші Сергей Луговой, осы өңірге танымал су­ретші Вадим Быков сынды кәсіби маман­дар болды», дейді бейнелеу өнері бө­лімінің меңгерушісі Сая Қаленова.

ссс

Қазылар алқасының ұйғарымымен «Кескіндеме» аталымы бойынша Ли­са­ков қаласынан келген Мерей Төрт­қара, «Графика» аталымы бойынша көк­ше­таулық жас суретші Дәмір Мағ­зұмов, «Сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша Қостанай қаласында тұратын Арайлым Қайырбек жеңімпаз атанды. Ал байқаудың бас жүлдесін ас­таналық Рейхан Айтуарова жеңіп алды.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Туған жердің жауһары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар