Әдебиет
1 мин оқу 351

Есениннің қазақша кітабы

<p style="text-align: justify;">Сергей Есе&shy;нин&shy;нің қа&shy;зақ тіліне тәр&shy;жімаланған өлең&shy;&shy;дері енген &laquo;Өмір&shy;&shy;қос&raquo; кі&shy;та&shy;бы Ре&shy;сей&shy;&shy;дегі Есе&shy;нин мә&shy;дени ор&shy;талығына қо&shy;йыл&shy;ды. Жыр жи&shy;&shy;&shy;нағы &ndash; екі ел ара&shy;&shy;сын&shy;дағы әдеби бай&shy;ла&shy;ныс&shy;тың одан әрі нығая түс&shy;ке&shy;нінің дәлелі.</p>

Есениннің қазақша кітабы

Керекулік ақын Еламан Қабдыләшімнің «Өмірқос» атты жыр жинағы 2018 жылы «Қасым.kz» сериясымен жарық көрген. Кітапта жас таланттың тырнақалды туындылары топтастырылып, «Есениннен төрт өлең» деген атау­мен орыстың әйгілі ақынының өлеңдері аударылып бе­ріл­ген еді. Онда «Заметался пожар голубой…», «Край лю­би­мый! Сердцу снятся…» және тағы басқа жырлары бар.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың креативті шығармашылық орталығының жетекшісі Марал Тәженованың айтуынша, жергілікті Чехов театры­ның актерлері әйгілі ақынның қазақ тіліндегі туындыларын арнайы сұрастырып келген. Себебі жергілікті кітап дүкендерінен ештеңе таппапты. Ал кітапхана қорында Еламанның «Өмірқос» кіта­бы біраз жылдан бері сақталып тұр. Осылайша, кітап Мәскеудегі Есенин мәдени орталығына жол тарт­қан. Оны жуықта Пав­ло­дарда «Любовь и голуби» спектаклін қойған мәс­кеулік ре­жиссер Игорь Мер­кулов апарып тапсырған.

Есенин орталығының директоры, Ресейдің халық әртісі Сергей Никоненко павлодарлықтарға алғысын білдіріп, арнайы бейнежазба жариялады. «Есенин поэма­сының қазақ тіліндегі тамаша аудармасын ұсын­ғандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Орталықта ақын өлеңдерінің еуропалық, өзбек, вьетнам тілдерінде аудармалары сақ­таулы. Ал қазақ тіліндегісі жоқ еді. Бұл олқылықтың да орны толды», деді орталық басшысы. Айтып өтейік, С.Ни­коненко – Есениннің рөлін кинода алғаш ойнаған актер.

ПАВЛОДАР 

Бөлісу: