Футбол
1 мин оқу 230

Асхат пен Бахтиер қатыспайды

<p style="text-align: justify;">Футболдан &laquo;Еуро-2024&raquo; додасының іріктеу турнирі аясында Сан-Марино және Словениямен өтетін ойындарға Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зай&shy;нутдинов қатыспайтын болды.</p>

Асхат пен Бахтиер қатыспайды

Бұл ақпаратты Қазақстан ұлттық құра­масының бас бапкері Магомед Адиевтің өз аузынан естідік. Екеуінің де ауыр жарақаты бар. 22 қазанда Шымкентте өткен Премьер-лиганың 25-турында Қарағандының «Шах­теріне» қарсы кездесуде «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ауыр жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Ал өткен аптада Түркия чемпионатының 12-турында «Истанбұл Башакшехирдің» ойыншысы «Бешикташтың» сапында өнер көрсетіп жүрген Бахтиер Зайнутдиновті шынтақпен ұрып жіберді. Жерлесіміздің беті қанға боялып, 41-минутта бас бапкер оны өзге футболшымен алмастырады. Кейін белгілі болғандай, Бахтиердің мұрын сүйегі сынып, көзіне де қатты зақым келген екен. Соның салдарынан еліміздің қос мықты аяқдоп шебер­лері алдағы маңызды матчтарға қатыса алмайтын болды.

Бөлісу:
Асхат пен Бахтиер қатыспайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар