Оқиға
1 мин оқу 220

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы тексеріс басталды

<p style="text-align: justify;">Тексерістің басталуына&nbsp;&laquo;Көшпенділер&raquo; киножобасы аясында салынған &laquo;Түркістан&raquo; бекінісінің 44 есе төмен бағада сатылуы түрткі болған. Бұл туралы&nbsp;Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2017 жылы Алматы облысындағы Іле өзені жағасында «Көшпенділер» киножобасы аясында салынған «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымға нарықтық бағадан 44 есеге төмен сатылды. Қазіргі кезде осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша іс-шаралар қолға алынды», деді Арман Тілеукенов.

Ресми өкіл осы қылмысқа экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын растады.

Бөлісу:
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы тексеріс басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар