Байқау
1 мин оқу 210

Мағжан оқулары

<p style="text-align: justify;">Алаш арысы, кейінгі жас&shy;тарға зор сенім артқан Мағ&shy;жан Жұмабаевтың 130 жыл&shy;дығы аясында облыс әкімд&shy;ігі жастар саясаты мә&shy;селелері басқармасының ұй&shy;ымдастыруымен өзге этнос өкілдері арасында &laquo;Мағ&shy;жан оқулары&raquo; байқауы ұйым&shy;дастырылды. Алдаспан ақынның шығар&shy;машылығын насихаттау мақсатында қол&shy;&shy;&shy;ға алынған іс-шараға 35 жасқа дейінгі жастар қа&shy;тысты.</p>

Мағжан оқулары

Түрі басқа болғанымен, тілегі бір өзге этнос өкілдерінің Мағ­жан шы­­ғармаларына асқан жауап­кер­шілікпен қарағаны көңіл қуант­ты. Қа­заққа ғана тән дыбыстарды таза айтқан 25 қатысушының барлығы Мағ­жан поэзия­сымен те­­реңнен су­сын­дағаны айқын аң­ғарылып тұрды.

Мағжан мұрасын өзге этнос жас­тары арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйым­дастырылған іс-шара барысында қатысушылар Алаш ары­сының оннан аса өлеңін мәнерлеп оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Байқау қорытындысында ерек­ше мәнерімен көзге түскен Анель Ай­даралиева 1-орынға ие болса, Нар­мина Кая-оғлы мен Хамза Афла­тунов 2-орын­ды бөлісті. Данил Поличук, Се­вилья Ибра­гимова үздік үштікті түйін­деді.

«Қазақ әдебиетінің мәңгі сөнбес жұлдыздарының шығар­маларын жастар жаттап өсуі керек. Сонда ғана олардың бойында елге деген құрмет арта түседі. Мағжан ақын­ның мұрасы қай кезде де өзінің құндылығын жоймайды. Сол үшін де өзге этнос өкілдері арасында осындай байқау ұйымдастыруды жөн көрдік. Алдағы уақытта да Алаш арыс­­тарының шығар­ма­шылығын кейінгі толқын арасында насихаттау жұмыстарын жалғастыра береміз», дейді облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері бас­қар­масының басшысы Жомарт Зұлпыхар.

Жамбыл облысы 

Бөлісу:
Мағжан оқулары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар