Дін
1 мин оқу 185

Діни сауатын арттырды

<p style="text-align: justify;">Кейінгі кезде дәстүрлі емес діни ағымдардың белең алуы қоғамды алаңдататын өзекті мәселеге айналды. Осы орайда, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралардың дені қоғамда діни сауаттылықты арттыруға бағытталып отыр.</p>

Діни сауатын арттырды

Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен мемлекеттік орган­дарының қызметкерлеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дін, заңнама, нормативтік-құқықтық актілер және мемлекеттік бағдарламалар саласындағы біліктілік пен білім деңгейлерін арттыру мақсатында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Екі күндік семинар барысында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, теолог Салтан Сәкен «Ғаламтор кеңістігінде жүргізілетін күмәнді діни насихаттық жұмыс­тар мәселесі және олармен күре­судің жолдары», философия ғы­лымдарының кандидаты, Әл-Фа­раби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Жанна Қаңтарбаева «Қазақстандағы неоисламдық ағым­дар: ерекшеліктері мен дінді тарату әдістері» тақырыптарында талдау жасады. Сонымен қатар оқу бағдарламасы аясында Президент жа­­нындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының профессоры Мәншүк Құсайынова, Нұр-Мү­барак Египет ислам мәдениеті уни­вер­ситеті, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы тренинг өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Діни сауатын арттырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар