Білім
1 мин оқу 490

Жаңа жылдан бастап шәкіртақы қанша пайызға өседі?

<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылға дейін бакалавриат шәкіртақысын жыл сайын 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысын жыл сайын 15 пайызға арттыру жоспары бар екенін жеткізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Жауапты мекеме пайыздық мөлшер 2024 жылы мынадай ақша жиынтығын көрсететінін айтты:

  • бакалавриат – 47 135 теңге (педагогикалық бағытта – 75 600 теңге);
  • магистратура – ​​107 061 теңге;
  • докторантура – ​​240 000 теңге.

Министрлік бұл үрдісті 2025 жылға дейін сақтаудың себебін былай түсіндірген болатын:

«Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Мақсатымыз — оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Phd-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығын орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Бөлісу: