Қоғам
1 мин оқу 402

20 миллионыншы болып туған 5 сәбиге 2 млн теңгеден беріледі

<div class="article__description"> <p style="text-align: justify;">&laquo;Отбасы&raquo; банкі еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы &laquo;Отбасы банкі&raquo; АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://kaz.inform.kz/">Kazinform </a>ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.&nbsp;</p> </div>

«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.

«Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі», деді Ләззат Ибрагимова.

Бөлісу:
20 миллионыншы болып туған 5 сәбиге 2 млн теңгеден беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар