Тағайындау
2 мин оқу 442

Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Айдос Рысбаев 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы - заңгер.

1996 жылдың қараша айынан бастап 1997 жылдың қазан айына дейін Қарулы Күштер қатарында болған;

1998 жылдың 9 сәуірінен бастап Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы;

2001 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІБ «Алматы» ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі;

2003 жылдың 13 наурызынан бастап Астана қаласы ҚІІБ «Алматы» ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі;

2003 жылдың 7 тамызында Астана қаласы ҚІІБ «Алматы» ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі;

2005 жылдың 30 маусымынан бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы;

2008 жылдың 24 шілдесінен бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» АІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары;

2010 жылдың 01 қарашасынан бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы;

2012 жылдың 26 қаңтарынан бастап Астана қаласы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары;

2014 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары;

2016 жылдың 13 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД «Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының бастығы;

2019 жылдың 5 маусымынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы қызметінде болды. 

Бөлісу:
Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар