Жұқаевтың жолы болмады
<p style="text-align: justify;">Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Шампейн қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің үшін­ші айналымына шыға алмады.</p>

Осыдан он күн бұрын Шарлотсвилдегі турнирде топ жарып, әлемдік рейтингте бірден 52 сатыға жоғарылаған қандасымыз бұл жарысты сәтті бастаған еді. Тұсаукесер кездесуінде ол италиялық Энрико Далла Валлені 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Бірақ екінші кезеңде Б.Жұқаевтың жолы болмады. Бейбіт АТР рейтингінде өзінен 118 саты төмен тұрған Хорватияның өкілі Нино Сердарушичке есе жіберді. Алғашқы сет тай-брейкке дейін ұласса, екіншісінде қарсыласының мысы басым болды – 6:7, 4:6. Енді қазақ теннисшісі Америка құрлығында өтетін тағы бір турнирге қатысуды жоспарлап отыр.
Қазақстанның бесінші ракеткасы Денис Евсеев Швецияның Дандерюд қаласында шымылдығы түрілген жарыстың алғашқы кезеңінде жергілікті ойыншы Карл Фрибергті сүріндірді – 6:2, 6:3. Екінші айналымда ол жапониялық Брэндон Накашимомен бақ сынасады.