Мектеп
2 мин оқу 211

Майшұқыр мектебінің мерейі

<p style="text-align: justify;">Шалғайдағы шағын ауылдарды жоғары жылдамдықты интернет жүйесімен қамтамасыз ету айрықша маңызды. Таяуда елімізде тұңғыш рет ауыл мектебі Starlink компаниясының жобасы арқасында осындай қамқорлыққа ие болды.</p>

Майшұқыр мектебінің мерейі

Шағын ауыл үшін ақ түйенің қарны жарылған қуанышты оқиға болды. Балаларының бола­шағына алаңдап, заман талабына сай білім алуының жай-күйіне елеңдеп отырған ата-аналардың көңілі көншігендей. Орта мектеп оқушылары білім платформаларына, елі­міздің және әлемнің үздік педа­гог­терінің сабақтарына еркін қол жет­кізетін болады. Ендігі арада алдарынан болашақтың сара жолы ашыл­ғалы тұр.

«Мектептің инновациялық оқу үдерістерін жан-жақты қам­туға мүмкіндік туып отыр, – дейді ауыл мектебінің директоры Жүсіп Махметов, – оқу үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын кедергісіз пайдалана аламыз».

Компания алдағы уақытта ауыл мектептерінің ахуалын жақсартып, мүмкіндік ке­ңістігін қала мектептерінің көк­жиегімен теңестірмек. Бұ­рын арман болып келген бұл мәселе ақиқатқа ай­налатын­дай.

«Біз интернет жылдамдығын секундына 20 мбит-тен артық қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігі жоқ мектептердің тізімін пысықтап, келісіп алдық. Олардың барлығы Starlink жобасына енгізілген. Мұндай мүм­кіндікке қол жеткізу мектеп мұға­лімдері мен оқушыларына бір мезгілде «Күнделік» жүйе­сінде, «Bilim land» білім беру плат­формасында, «НОБД» ин­тер­нет ресурсында жұмыс істеуге мол мүмкіндік бе­реді. Бұл жетістік алдымен қала мен ауыл мектептерінің ара­сын­дағы алшақтықты қыс­қартып, ауыл мұға­лімдерінің түрлі онлайн жарияланымдарға қатысуына жол ашады», дейді Ақмола өңір­лік білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Бағдат Қадыров.

Сөз арасында 2024 жылы осы жоба аясында облыстың 32 мыңнан астам оқушысы оқи­тын 270 мектеп жоғары жыл­дамдықты интернет желісімен қамтамасыз етілетінін айта ке­туіміз керек. Осындай шынайы қам­қорлық жасалып жатса, ауыл тұр­ғын­дарының бала­лары­ның болашағын ойлап үдере көшуіне де бір тоқтам болар еді.

Ақмола облысы,

Қорғалжын ауданы 

Бөлісу:
Майшұқыр мектебінің мерейі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар