Өндіріс
2 мин оқу 220

Кәбіл экспортының алғашқы легі

<p style="text-align: justify;">Елімізде фотоэлектр жүйелеріне арналған кәбілдердің алғашқы өндірісі оң жолға қойылды. Радиациялық модификацияланған оқшаулауы бар инновациялық өнімнің жаңа желісін сатып алуға Өзбекстанмен келісімшарт жасалды. Күн батареяларының құрылысына арналған отандық кәбілдік-өткізгіштің алғашқы легін көрші елге жеткізіп те үлгердік.</p>

Кәбіл экспортының алғашқы легі

Ғылым мен өндірістің ілгері­­­леп жатқанын айғақтайтын бұл ­бас­­­та­ма Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ға­лым­­­дарына тиесілі. Талапшыл ға­­лымдар ел нарығындағы тұң­ғыш ради­ациялық тігілген оқ­шау­лағышы бар кәбілдік-өт­кізгіш өні­мінің жаңа түрін өнді­рушілермен бір­лесіп жасап шы­ғарды. Өнімнің жобалық қуаты 15 мың шақырымға де­йін барады. ЕҰУ жанындағы «Ядро­лық технологиялар паркі» акцио­нерлік қоғамы ғалымдары фото­электр жү­йелеріне арналған кәбіл­дерді әзірлеу технологиясын жасау­да үлкен зерттеу жұмыстарын жүр­гізген. Оның пайдалану қасиет­терін, ыстыққа төзімділігін жақ­сарт­қан. Бұл инновациялық өнім баламалы энергия көздері саласында қолданылады.

– Біз бұрын-соңды Қазақстан­да кәбіл өнімдерін өндіруде қолда­ныл­­маған радиациялық тігу техноло­гиясын қолданамыз. Тотығу деградациясына жол бермеу үшін өңдеу инертті ортада жүргізіледі. Бұл өндіріс әдісі біздің елде қол­данылмайды. Біз ЭЛВ-4 электронды үдеткішінде қорғаныш ортада кәбіл өнімдерінің полимерлі оқшаулауын модификациялау жобасын «ҚазЭлектроМашпен» бірлесе жүзеге асырып жатырмыз. Қысқа тұйықталу кезіндегі термиялық тұрақтылықтың жоғары тогі, төмен зақымдану және тө­мен гигроскопиялық, кәбілдік бұйым­дардың үлкен құрылыс ұзын­дығы мен төмен салмағы, жұмыс режіміндегі оқшаулаудың рұ­қ­сат етілген температурасының жоға­рылауына байланысты жүктеме қабілетінің жоғарылауы – бұл біздің өнімнің айрықша ерекшеліктерінің бір парасы ғана, – деді «Ядролық технологиялар паркі» жобалау тобының басшысы, «Beta izol» директоры Азат Нұрқасымов.

Айта кетейік, фотоэлектр жү­йе­леріне арналған кәбілді ЕҰУ жанын­дағы «Ядролық технологиялар паркі» мен «ҚазЭлектроМаш» бірге құрған «Beta izol» стартап-компаниясы шығарады. Қазіргі кезеңде көрші елдерде отандық осы өнімді сатып алуға деген үлкен сұраныс бар.

Бөлісу:
Кәбіл экспортының алғашқы легі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар