Қоғам
1 мин оқу 294

Полицейлер екі зейнеткерді өртенген үйден алып шықты

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласының полиция қызметкерлері өрт шыққан үйден екі зейнеткерді&nbsp; құтқарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Полицейлер екі зейнеткерді өртенген үйден алып шықты

«19 қараша күні сағат 11:05 кезінде Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев Жас өркен ықшам ауданындағы жеке сектордан шығып жатқан қою түтінді байқап қалған. Инспекторлар түтіннің Ертіс көшесіндегі бір-біріне жапсарлас  салынған көппәтерлі үйден шығып жатқанын анықтады. Олар дереу өрт сөндіру қызметін шақырып, 70 және 71 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өрттен құтқарып, газ баллонын алып шықты. Өрт сөндірушілер тез арада тиісті шаралар қабылдап, болжам бойынша өрттің электр желілерін пайдалану қағидаларын бұзудан пайда болғанын анықтады», делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Полицейлер екі зейнеткерді өртенген үйден алып шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар