Үкімет
1 мин оқу 170

Жоғары деңгейдегі ықпалдастық

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Армения Республикасы Ұлттық жиналысындағы &laquo;Армения-Қазақстан&raquo; достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянмен кездесті.</p>

Жоғары деңгейдегі ықпалдастық

Сенатор өз сөзінде Армения мен Қазақстанның екіжақты түрде де, бірқатар интеграция­лық бірлестік аясында да өзара іс-қимылы деңгейінің жоғары екенін атап өтті. «Қазақстан мен Армения арасындағы өзара пар­ла­ментаралық іс-қимыл жоғары дең­гейде жүзеге асып келеді. Оған достық тобының қызметі де ықпал етіп жатыр. Екі елдің Парламент­тері төрағаларының кездесулері де тұрақты түрде өтіп жүр. Біздің ел­деріміз Пар­ла­менттерінің делега­циялары халық­аралық диалог алаң­­дарын­да өзара тығыз іс-қимыл жа­­сап келеді», деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор Парламенттің жаңа сес­сиясының ашылуында Прези­дент ұсынған Қазақстанның жаңа экономикалық даму үлгісі туралы да айтып берді. Депутат жаңа бағыттың басымдықтары әділдік, инклюзивтілік және прагматизм деп жарияланғанын атап өтті.

Вагаршак Акобян іс-шара со­ңын­да Арменияның Қазақ­стан­мен ынтымақтастықты жоға­ры ба­­ға­­лай­тынын, сондай-ақ екі­жақ­ты қа­­рым-қатынасты нығай­ту­ға бел­сен­­ді ықпал етуге дайын еке­нін атап өтті.

Бөлісу:
Жоғары деңгейдегі ықпалдастық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар