Ресейде 35 өзбекстандық төбелес шығарды
<p style="text-align: justify;">Bugun.uz<a href="https://bugun.uz/rossiyada-zbekistonliklar-ommavij-mushtlashdi-video" target="_blank" rel="noopener noreferrer"></a> сайтының мәліметінше, Мәскеудегі Свиблово ауданындағы құрылыс алаңында 35 өзбекстандық асханаға кезекке тұрғанда жанжалдасып қалып, айқай-шу соңы<a href="https://t.me/bugunuzpro/65581"> төбелеске ұласқан</a>, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Төбелес түскі үзілісте жергілікті асхананың алдында болған. Құрылысшылар аш болғандықтан кезекке таласып қалған. Төбелеске қатысушылар, бір-бірін арматурамен жарақаттаған.
Төбелесті полиция тоқтатты. Олар жауап алу үшін барлық өбекстандық пен 1 түрік, 1 ресей азаматын бөлімшеге алып кеткен.