Қоғам
1 мин оқу 180

Халық жазушысын құрметтеді

<p style="text-align: justify;">Белгілі қаламгер, Халық жазушысы Бексұлтан Нұрже&shy;кеевке &laquo;Жетісу облысының Құрметті азаматы&raquo; атағы берілді. Құрметті марапатты Талдықорған төрінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев тапсырды.</p>

Халық жазушысын құрметтеді

Облыс әкімі жазушының шығарма­ларын бірнеше буын оқып өс­кенін, соның ішінде өзі де бала күні­нен қа­ламгерді туындылары арқылы таны­ғанын атап өтті.

«Кеңестік кезеңнің қатаң сүз­гісі бар кездің өзінде сіздің шығармала­рыңыздың шындықты айта білетін мінезі болды. Бұдан бөлек, тарихи туындыларыңыз бір төбе. Сізді аз жаз­са да, саз жазатын, мем­лекеттік, қоғам­дық деңгейдегі ірі мә­селелерге кесек пікір айта білетін қай­раткер ретінде құр­меттейміз», деген Б.Исабаев жазу­шының шығармашылық еңбегіне табыс тілеп, арнайы атақтың лентасын, төсбелгісі мен құжатын ресми түрде табыстады.

Өз кезегінде Бексұлтан Нұржекеев ризашылық тілегін білдіріп, «Туған жерімнің бұл сыйы – маған бәрінен қымбат. Жетісудың мен үшін орны бөлек. Және осы отырған әрқай­сысы­ларыңыз үшін де солай болуға тиіс. Президент әді­летті қоғам құру, адал азамат болу туралы айтты. Сол ұстанымды әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз керек. Бүгінгі маған көрсетіп отырған құрмет­теріңізге ризашылығымды білдіремін», деді.

Айта кетейік, Бексұлтан Нұржекеев Жетісу облысы Панфилов ауданы Ақ­жа­зық ауылында туған. Ол «Күтумен кешкен ғұмыр», «Ерлі-зайыптылар», «Жау жағадан алғанда», «Әй, дүние-ай» сияқты бірқатар прозалық кітаптың ав­торы. 

Жетісу облысы 

Бөлісу:
Халық жазушысын құрметтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар