Хоккей
1 мин оқу 106

«Адмиралдың» ғана алдында тұр

<p style="text-align: justify;">Астананың &laquo;Барысы&raquo; Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті кездесуін Төменгі Новгород қаласында жергілікті &laquo;Торпедоға&raquo; қарсы өткізді.</p>

«Адмиралдың» ғана алдында тұр

Бәсеке басталған бетте қос команда еш аңдыспастан алма-кезек шабуыл ұйымдастырып, бір-бірінің қақпасына бір-бір голдан соқты. 2-минутта Гончаров айдын иелерін алға шығарса, 4-минутта Аркадий Шестаков таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін «Торпедоның» ойыншылары қарқынын күшейтіп, біздің аймақтан шықпады. Нәтижесінде, Андрей Шутов қорғаған қақпаға олар үш шайба тоғытты. Бұл голдардың авторлары – Василий Атанасов (30-минут), Максим Летунов (38-минут) және Владислав Фирстов (40-минут). Үшінші кезең бел ортадан ауған тұста Рудольф Червени есеп айырмашылығын қысқартты. Қорытынды есеп – 4:2.

Қатарынан үшінші кездесуінде жеңі­ліс тапқан «Барыс» КХЛ-дағы 23 коман­даның арасынан тек Владивостоктың «Адми­ралынан» ғана озып тұр.

Бөлісу:
«Адмиралдың» ғана алдында тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар