Жастар
1 мин оқу 190

NEET жастар үлесі азайды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында NEET санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға төмендеген. Бұл осы санаттағы жастардың жалпы санының 4,1 пайызын құрайды.</p>

NEET жастар үлесі азайды

Бұл жөнінде өңірлік ком­му­никациялар қызметі ала­ңын­да өткен баспасөз мәсли­ха­­тында облыстық қоғамдық даму басқармасы жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас­шысы Еркебұлан Балтабеков мәлімдеді.

– 2021-2025 жылдарға ар­нал­ған кәсіпкерлікті дамыту жө­ніндегі ұлттық жоба жас­тарды жұмыспен қамтудың не­гізгі құралы болып саналады. Жыл басынан бері жобаға 9 034 адам қатысты. Оның ішін­де 6 050 адам жұмысқа, ал 5 808 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Қысқамерзімді оқытуға 328 жас жіберілді. Со­ны­мен қа­тар 182 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 55-сі бизнес-идея­ларды іске асыруға 400 АЕК мөл­шерінде мемлекеттік грант алды, – деп атап өтті Еркебұлан Балтабеков.

Сонымен қатар биыл Кәсіп­кер­лікті қолдау жобасы аясында жастар үшін 218 шағын несие беру жоспарланған, бүгінде 231 адам шағын несие алды. Облыс бойынша барлығы 104 бос орын жәрмеңкесі өткізіліп, оған 479 жұмыс беру­ші және 2 569 жұмыс іздеп жүрген жан, оның ішінде 500 жас қатысты.

– Биыл «Жасыл ел» жобасы бойынша мыңға жуық жасты жұмыспен қамтуға квота бе­кі­тіл­ді. Ал «Дипломмен – ауыл­ға!» бағдарламасы аясында 43 маман 221,8 млн теңгеге бюджеттік несие алды, 215 маман 74,2 млн теңгеге көтерме жәрдемақы ал­ды, – деп атап өтті спикер.

Бөлісу:
NEET жастар үлесі азайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар