Астана мектептерінде ауа райына байланысты сабақ қысқартылды
<p style="text-align: justify;">Астанада көктайғақ пен қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақ қысқартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> білім басқармасының баспасөз <a href="https://www.instagram.com/bilimastana/?utm_medium=copy_link">қызметіне</a> сілтеме жасап.</p>
«Ауа райы жағдайын ескере отырып, екінші ауысымдағы сабақ уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс», делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды.
«Сондай-ақ әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады», деп атап өтті департаменттегілер.