Әдебиет
1 мин оқу 280

Тамаша тағдырлар галереясы

<p style="text-align: justify;">Белгілі жазушы, халықаралық &laquo;Алаш&raquo; әдеби сыйлығының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың &laquo;Қарапайым Һәм тамаша тағдырлар&raquo; атты жаңа жинағы жарық көрді.</p>

Тамаша тағдырлар галереясы

Бұл кітапқа қаламы жүрдек қаламгердің кейінгі жылдары жазған әдебиет туралы ойлары мен танымал қаламгерлерден ал­ған сұхбаттары, көңілді селт еткізер ойлы жазбалары топ­­тастырылған. Әсіресе Әбдіжәмил Нұрпейісов, Әнес Сарай, Сапар Байжанов, Сей­дахмет Бердіқұлов, Әділ­бек Абай­ділданов, Ғабиден Құлах­мет, Ержұман Смайыл, Ербол Шаймерденұлы, Несіп­­бек Дәутаев, Сейітқұл Оспа­нов, Қази Данабаев туралы жазған естеліктерінде олар­дың адами болмысы мен шы­ғар­машылығын артық-кем бояу қос­пай, дәл суреттейді. Сон­дай-ақ Мереке Құлкенов, Әлібек Асқаров, Қайсар Әлім, Сү­лей­мен Мәмет, Бауыржан Омар­­ұлы секілді қаламы қа­рым­ды замандастарының шығар­машылығы жайында жазған эссе­лері мен мақалаларын оқы­ғанда қант қиығындай еріп ке­тесіз. Ал кітапқа атауы беріл­ген «Қарапайым Һәм тамаша тағ­дырлар» атты зерттеу мақа­ласында орыстың көрнекті жазушысы Валентин Распутин­нің туын­дыларын жіліктеп талдап, парасатты ой толғайды. Автордың айтулы тұлғалардан алған сұхбаттары да майдан қыл суырғандай шыншылдықпен жазылған.

Бір сөзбен айтқанда, жазу­шының оқырманға жол тарт­қан жинағы – әлем әдебиетін­де өмір­­ге келген тың бастама­­лар­ды қоз­ғауымен, адам пси­хо­логия­сындағы алуан түрлі тартыстарды жеткізудегі әдіс-тәсілдерімен, замандас қаламгерлері туралы тол­ға­ныстарымен, ең ақыры, қоғам­дағы құбылыстарға жеке көз­қарасымен ешкімді бейжай қалдырмайды.

Бөлісу:
Тамаша тағдырлар галереясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар