Қоғам
1 мин оқу 240

Батылдық танытқан оқушы

<p style="text-align: justify;">Күні кеше Іле ауданында жолаушылар мін&shy;ген қоғамдық көлік жүргізу&shy;шісінің жүрек талмасы ұстап қалып, оқыс оқиға орын алған еді.</p>

Батылдық танытқан оқушы

Автобустың бағыты өзгеріп бара жатқанын байқап қалған жасөспірім ойланбастан бірден әрекетке көшкен. Ол тез арада автобус тежегішін басып үл­гергеннің арқасында автобус соғылудан аман қалғанын куә­герлер жарыса жазып, жүрек жұтқан жас балаға алғыстарын жаудыруда.

Оқыс оқиға орын алғанда батылдық танытып, жылдам әрекет еткен Ақжол Нұрланұлы Өтеген батыр ауылындағы №24-лицейдің 8 «Е» сыныбында оқиды. Көпбалалы отбасынан шыққан Ақжол әке-шешесі, ата-әжесімен бірге тұрады. Бала күннен техникаға әуес Ақ­жол, тежегіш басуды әкесінен үй­ренген екен. Ол осы уақытқа дейін автокөлік маркаларымен қатар, олардың құрылымдарын да өте жақсы ажырата біледі.

«Өткен жылы осы лицейге ауы­сып келген Ақжол сыныптастарымен тез араласып, кішіпейіл, көпшілдігімен өз ортасына сіңісіп кетті. Өзіне тап­сырылған тапсырманы тия­нақты орындауға тырысады. Оғаш қылығын көрсетпейтін Ақжолдың іс-қимылы ширақ әрі шапшаң. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Бүгінгі ба­тылдығы бойында бар осы қа­сиет­терінің көрінісі», дейді атал­ған лицейдің директоры Захида Төреходжаева.

Алматы облысы 

Бөлісу: