Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 155

Қарсыласы анықталады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Wasserman Boxing&raquo; промоутерлік компаниясы германиялық Денис Радован мен Жаңа Зеландияның өкілі Андрей Михайловичтің күш сынасатынын жария етті.</p>

Қарсыласы анықталады

Жат елдің боксшыларына біз бекер тоқталып отырған жоқпыз. Себебі 16 желтоқсанда Англияның Сандерленд қаласында өтетін бәсекеде жеңіске жеткен боксшы келесі жылы орта салмақ­тағы IBF нұсқасының алтын белбеуі үшін таласады. Ал қазіргі кезде бұл тұжырымның чемпиондық атағын қазақ жігіті Жәнібек Әлімханұлының иеленіп отырғаны мәлім.

Германияның Кельн қаласының тумасы Денис Радован – 31 жаста. 17 мәрте шаршы алаңға шыққан неміс спортшысы 16 рет жеңіске жетті. Тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Ал 25 жастағы Андрей Михайлович Санкт-Петербургте дүниеге келгенімен қазір Жаңа Зеландияның Окленд қаласында тұрып жатыр. Ол 20 кездесудің бірде-біреуінде ұтылған жоқ. 12 бәсекеде айқын басымдық танытты. Қазіргі кезде бұл боксшылар IBF рейтингінде екінші және үшінші орындарды өзара бөлісуде.

Бөлісу:
Қарсыласы анықталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар