Спорт
1 мин оқу 112

Екі ойын қалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылы Өзбекстанда жалауы жел&shy;бірей&shy;тін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы кезде&shy;су&shy;лерін қай жерде өткізетіні белгілі болды.</p>

Екі ойын қалды

Жерлестеріміз элиталық кезеңдегі алғашқы төрт кездесуінің барлығында же­ңіске жетті. Атап айтсақ, сыртта Нидерланд (2:0) пен Әзербайжанды (4:2), өз алаңымызда Румыния (4:3) мен Әзербайжанды (3:2) ұттық. Алда енді екі матч қалды. 14 жел­тоқ­санда Астанада Қызғалдақтар елі өкілдерін қабылдаймыз. Арада тура бір апта өткеннен соң Бухарестке сапар шегіп, Валентин Стэнеску атындағы «Рапид» спорт кешенінде румындарға қарсы ойнаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, осының ал­дындағы әлем чемпионаты 2021 жылы Лит­вада өтті. Балтық жағалауында бас жүлдені Португалия құрамасы олжалады. Пиреней түбегінің түлектері финалда Аргентинадан 2:1 есебімен айласын асырды. Қола медальді Бразилия иеленді. Үшінші орын үшін тартыста олар Қазақстанды 4:2 есебімен қапы қалдырды.

Бөлісу:
Екі ойын қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар