Спорт
1 мин оқу 170

Ең құнды ардагер ойыншы

<p style="text-align: justify;">Германияның Transfermarkt веб-сайты ең құнды ардагер футбол&shy;шылардың рейтингін жариялады. Бұл тізімге жас&shy;тары 34-тен асқан ойыншылар енді.</p>

Ең құнды ардагер ойыншы

Аталған рейтингте Лионель Месси көш бастап тұр. Өзінің жұлдызды жылдарын «Барселонада» өткізген 36 жастағы арген­тиналық шабуылшы бұл күндері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнайды. Оның қазіргі құны 35 млн еуроны құрап отыр.

Мессиден кейінгі орындарға Роберт Левандовски (35 жас, 30 млн), Кәрім Бен­зема (35 жас, 15 млн), Криштиану Роналду (38 жас, 15 млн), Томас Мюллер (34 жас, 12 млн), Лука Модрич (38 жас, 10 млн), Анхель Ди Мария (35 жас, 8 млн), Марко Ройс (34 жас, 7,5 млн), Генрих Мхитарян (34 жас, 6 млн) және Душан Тадич (34 жас, 5,5 млн) орналасты.

Бөлісу:
Ең құнды ардагер ойыншы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар