Аймақтар
2 мин оқу 290

Мұғалімдерге – жайлы баспана

<p style="text-align: justify;">Елімізде кадр жетіспейтін, білім сапасы төмен өңірлерге үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама іске асырылып жатыр. Биыл аталған бағдарлама аясында Атырау облысында жұмыс істеуге 10 мұғалім ниет білдірген.</p>

Мұғалімдерге – жайлы баспана

Облыстық білім басқар­ма­сы­ның­ басшысы Ерлан Слам­бе­ков­тің айтуынша, мұғалімдерді бос лауа­зымдарға тарту ере­­же­сі да­йын­далған. Салалық ми­нист­р­лік­ жанынан конкурс комис­сия­сы құрылған. Ал облыстық білім бас­қар­масында үйлестіру кеңесі бар.

«Өңірге келетін мұғалімдерге ла­уазымдық жалақының 150 па­йыз­ мөлшерінде ынталандыру тө­лемі, оның ішінде жалақыны кө­­теру, тұрғын үйді жалдау ақы­сын, коммуналдық төлемдер шы­­ғы­нын өтеу белгіленген. Бос жұ­мыс­ орындарына орналасу үшін үміт­керлер эссе жазып, тестілеуден, әңгі­ме­ле­суден өтті. Биыл Атырау облысына бастауыш сынып, тарих, математика, физика пәндерін оқытатын 10 мұғалім келді. Қазір олар мек­тептерде сабақ беріп жүр. Олар­дың кейбіріне жаңа пәтер беріп отыр­мыз. 15 желтоқсанға дейін тағы 4 мұғалімге баспана беру жос­пар­ланған», дейді Ерлан Сламбеков.

Мәселен, Гүлжан Боранбаева білім саласында 20 жылға жуық жұмыс істеп, мол тәжірибе жи­­на­­ған. Бұрын Батыс Қазақстан облы­сын­дағы дарынды балаларға арнал­ған мамандандырылған ақ­па­­­раттық тех­но­логиялық мек­теп-ли­цейінде математика пәні­нен дәріс берген. Енді Атырау қаласындағы №31 гимназияда жұмыс істеп жүр.

Көрші өңірден тағы бір мұға­лім­ отбасы келген. Жас маман Ер­жан Егінбаевтың өзі де, зайыбы да – педагог.

«Мұғалімдерге жас ұрпақ­тың­ болашағы үшін үлкен жауап­кер­­ші­лік жүктеліп отыр. Біздің мін­детіміз – оқушылардың сапалы білім алуына, елдің келешегіне адал қыз­мет ететін білікті маман болып қалып­тасуына үлес қосу. Алаңсыз жұмыс істеуіміз үшін жаңа пәтер беріліп, қолдау көр­се­тіліп отыр»,  дейді Ержан Егінбаев.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Мұғалімдерге – жайлы баспана · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар