44 инвестициялық жоба жүзеге асады – министр
<p style="text-align: justify;">Өңірде есеп беру кездесуін өткізген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қостанай облысының тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сала басшысымен өткен кездесуге облыстағы спорт федерацияларының басшылары, туризм бағытында шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 113 жаңа спорт нысаны салынады, қолданысқа берілген 26 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта жаңғыртылады. Қостанай облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыс арқылы «Тобыл-Арена» жабық футбол стадионы, «Қостанай» спорттық-ойын-сауық кешені, 50 метрлік жүзу бассейні және мұз спорт сарайы сияқты нысандар қайта жаңартылып, пайдалануға берілді.
Алдағы уақытта мамандандырылған спорт мектеп-интернат-колледжі ашылмақ. Министр Қостанай облысында қысқы спорт түрлері қарқын алып келе жатқанын, бірақ жазғы спорт түрлеріне де баса мән беру қажеттігін айтты.