Спорт
1 мин оқу 250

Әлемнің үздік каратэ шеберлері шайқасып жатыр

<p style="text-align: justify;">Алматының &laquo;Sadu Arena&raquo; спорт кешенінде жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасында киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; Спорты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Екі жылда бір рет өтетін жаһандық жарысқа 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Кеше сайыстың 1-ші күні «кумитэден» жасөспірімдер және «ката» бойынша барлық жас аралығында жекпе-жектер өтті.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс, 16 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастап тұр.

Бүгін жастар және ардагерлер (+36) арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады.

Ертең ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекемен жарыс аяқталады.

Бөлісу:
Әлемнің үздік каратэ шеберлері шайқасып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар