Қылмыс
1 мин оқу 390

Қажылық туризм: Фирма басшысы ұсталды

<p style="text-align: justify;">ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, нәтижесінде &laquo;Zam Zam Qazaqstan&raquo; туристік компаниясының басшысы қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz ресми телеграм арнасына сілтеме жасап.</p>

«Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Хабарламада «Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі бойынша өзге мәліметтер жария етілмейді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қажылық туризм: Фирма басшысы ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар