Қазақстан
1 мин оқу 2,640

Белгілі әнші Ақжол Мейірбеков өмірден озды

<p style="text-align: justify;">Белгілі әнші, &laquo;Дос-Мұқасан&raquo; ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден озды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласында туған.

Ақжол Нұсқабекұлы 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданады. 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде қызмет етіп, 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрған.

Белгілі әнші 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, осы күнге дейін ансамбльдің әншісі болды.

Ақжол Мейірбеков – «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

Бөлісу:
Белгілі әнші Ақжол Мейірбеков өмірден озды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар