Қаржы
3 мин оқу 131

Базалық мөлшерлеменің құбылуы

<p style="text-align: justify;">Баға мен базалық ставканың текетіреске түскеніне жылдан асып барады. Бұрын 9 пайыздық инфляцияның өзін қым&shy;бат&shy;сы&shy;нушы едік, қазір соған жету мұң. Әсіресе Ресей-Украина дүрбелеңінен кейін шырқап өскен баға барымызды барымталап кет&shy;кендей әсер қалдырды. Баяғы арзан дүние көзден бұл-бұл ұшты. Инфляция 21 пайызға бір-ақ жетті. Енді &laquo;базалық ставка&raquo; дейтін қаруын іліп, Ұлттық банк кетті бағаның ізінен. Апталап жүріп, айлап жүріп, инфляцияның иығына әрең қол іліктіріп, жылға жуық уақыт дегенде 10,8 пайызға (қазандағы жылдық мән) төмендетіппіз.</p>

Базалық мөлшерлеменің құбылуы

Қымбатшылық қысымын азай­ту­дағы біздің еңбек ерен дейді Ұлттық банк. Қатаң ақша-несие саясатын айлар бойы тапжылтпай ұстап тұрдық, нәти­жесі міне, асау­дай тулаған қым­батшылығыңыз қазір біраз жуасып қалды дейді олар. Онысы рас енді. Аз да болса арзан дүниеге қол жеткізіп жатсақ, ол жоғарғы базаның арқасы шы­ғар дегенді сарапшылар да айтып жүр. Үкімет, әсіресе Әлихан Смайылов мұнымен келіспейді. Үкімет атқарып отырған іс-ша­ра­лардың арқасында азық-тү­лік қоры көбейді, өңір-өңірде бағаға бақылау жасалды, соның көмегімен баға өсімін тежедік дегенді айтады. Тіпті Үкімет оты­рысында премьер-министр тап осындай уәж айтып, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловпен аздап тартысып та қалды. Бы­лай қарасақ, қымбатшылық дей­тін ешкімнің де жеке жауы емес, халыққа төнген ортақ зоба­лаң, онымен бәріміз бірігіп күресуіміз керек еді. Тиі­сінше, әркім өз майданындағы күресті міндетсінбесе тіпті абзал. Ба­зар­­дағы картоп, сәбіз, пияз қандай қымбат тұрады. Удай. Бағасын көріп ыршып түсесің. Ал ауызбірліктің бағасы одан өткен қымбат қой. Оны қай инф­­ляцияның көрсеткішімен өлшер­сің. Әлде бағаны түсіруде Үкімет пен Ұлттық банк бір-бірімен бәсеке боламын деп, ен­дігі бірер айда инфляция деге­ніңіз тіпті жоғалайын деп тұр ма. Қаржымызды қайда жұмса­ры­мыз­ды білмей қалмасақ игі.

Барымтаға базалық ставкасын алып аттанды дегенді бекер айтып отырған жоқпыз. Ұлттық банктің маңдайына біткен жалғыз құрал, осы – базалық пайыздық мөлшерлеме. Қымбатшылық қытыққа тисе, соны көтереді. Баға өсімі баяуласа, қайта түсі­ре­ді. Ол құралдың басқа функ­циясы жоқ. Базалық ставка кө­те­­рілсе, несие қымбаттайды. Сөй­­тіп, ха­лық несиені азырақ рә­сімдейді. Тиісінше, ақшасы азаяды. Ақша азайған соң, тауарды да аз алады, қызметті де аз тұтынады. Міне, сұраныс азайған соң, мұрнын шүйірген баға да төмендей бас­тайды. Бұл қисын соңғы бірнеше айда расымен жұмыс істеген се­кілді, әйтеуір баға аздап болсын түсті.

Соны ескерген Ұлттық банк 24 қараша күні базалық ставканы 15,75 пайыз деңгейінде бе­кітті. Осымен қатарынан үшін­ші рет төмендеп отыр. Алғаш рет биыл тамызда 16,75 пайыздан 16,50-ге түсті. Одан кейін 16 пайызға төмендетті. Енді міне, 15,75 қылды. Мұнда нендей астар бар? Әрине, пәлендей құ­пия жоқ. Алдағы бірнеше айда баға өсімінің баяулауы тағы да белсендірек бола түседі дегенді меңзейді, сірә.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, назар аудармаса болмайтын жекелеген тәуекелдер жоқ емес. Олар – азық-түлік бағасының өсуі, негізгі сауда-серіктесіміз РФ-дағы инфляция, өз ішіміздегі инфляциялық күтулердің динамикасы және бюджеттік шы­ғын­дар.

Сыртқы секторда инфля­ция­­­лық қысымның төмендегені бай­­­қалып отыр. Бұл қатаң мо­нетарлық сая­саттың әсерін, азық-түлік ба­ғасының оң динамикасын және энергия ба­ға­сының қысқа мер­зімге баяу­лағанын білдіреді. Соған қара­мастан, қысқамерзімді ке­­лешекте проинфляциялық фак­­­­­тор­лардың ықпалы біршама кү­­­ше­йеді деп күтеміз. Бұл Ре­сей­­­дегі инфляция динамикасы­нан және әлемдік азық-түлік бағасының күтілетін өсуінен туындайды. Бұдан әрі сауда-серіктес елдердегі жағдай тұрақталғанда біз мақсатты мәндерге қол жет­кізу­ді және сыртқы факторлар проин­фляциялық қысымды жұм­­­­сартады деп күтеміз», дейді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, биыл база­лық сценарийде инфляция 9,3-10,3 пайыз шегінде болжанып отыр. Болжамды осы жылға қайта қарау тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің және азық-түлікке жатпайтын тауарлар ба­ға­­сы­ның бірқалыпты өсуіне байланысты. Ортамерзімді келешекте сыртқы орта қысымының әлсіреуі және монетарлық сая­сат­тың ұстамды қатаң сипаты инфля­ция­ның төмен­деуіне ықпал етеді. Алдағы жыл­дарға болжам мынадай: 2024 жылы инфляция 7,5-9,5 пайыз дең­ге­йінде, 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз деңгейінде сақ­талды.

2024 жылы инфляция одан әрі баяуласа, Ұлттық банк инфля­ция­ны тұрақтандыру үшін орта­мер­зімді келешекте ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақ­тап, мөлшерлемені бір­қа­лыпты төмендетуді қай­та қарас­тырмақ. Бұл ретте д­ерек­тер­ді жинақтау және тәуе­келдер балансын бақылау үшін базалық мөлшерлемені өз­гер­­туде кідіріс болуы да мүм­кін. 

Бөлісу: