Медицина
1 мин оқу 150

Ауылдағы жаңа медициналық нысандар

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайылов &laquo;Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту&raquo; ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.</p>

Ауылдағы жаңа медициналық нысандар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан Ұлттық жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-сани­тарлық көмек көр­сету нысанын ашу жоспарла­нып отыр. Оның ішінде 257 ме­дициналық, 238 фельд­шерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория бар. Биыл 99 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда оның 20-сы аяқталды, қалғаны бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар Ұлттық жобада инсульт орталықтары, кардио­логия, жансақтау, оңал­ту бөлімдерін ашу, сон­дай-ақ оларды заманауи құ­­рал-жаб­дықтармен қамтама­сыз ету арқылы 32 көпсалалы орта­лық аудандық аурухананы жаң­ғырту қарастырылған.

Премьер-министр Қара­ған­­ды, Жамбыл, Солтүс­тік Қазақстан, Қызыл­орда, Қос­­т­анай және басқа да бір­қатар облыстың әкім­дік­тері­не алғашқы медицина­лық-са­нитарлық көмек көр­­се­тудің жаңа нысандарын са­лу бо­йынша жұмысты же­дел­­­детіп, жыл соңына дейін олар­ды пай­далануға беру­ді қам­тамасыз ету керек екенін атап өтті.

«Ұлттық жобаны іске асыру – Үкіметтің бақылауын­да. Министр мен өңірлердің әкімдері бұл бағыттағы жұ­мысты күшейтуі қажет», деді Ә.Смайылов.

Бөлісу:
Ауылдағы жаңа медициналық нысандар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар