Спорт
1 мин оқу 1,480

Әттеген-ай! Балуан Ислам Байрамуков 23 жылдан бергі өкініші туралы айтты

<p>Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, балуан Ислам Байрамуков өмірінде неге өкінетінін ашық айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Алғашқы" бағдарламасына қонақ болған спортшы ширек ғасырға жуықтаса да сол Сидней Олимпиадасының бейнежазбасын мүлде көрмегенін жеткізді. 

"Өмірде неше түрлі жағдайлар болады ғой. Кәсіби спортшы болғаннан кейін осы саладағы әттеген-айымды айтайын, Олимпиада ойындарында финалға шықтым ғой. Финалда, өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Осы күнге дейін бейнежазбасын көрген жоқпын. 23 жыл өтті. Көргім де келмейді", - деді Ислам Байрамуков. 

Ол Сидней Олимпиадасынан жанында жара қалғанын атап өткен.

"Әлі де көргім келмейді. Жанға батқан жара бар. "Әттеген-ай, соңғы сәтте неге барымды салып, жеңіске жете алмадым?" деген ой әлі бар ішімде", - дейді спортшы.

Бөлісу:
Әттеген-ай! Балуан Ислам Байрамуков 23 жылдан бергі өкініші туралы айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар